Алжир халқы жаңа Президентіне де сенбейді

870

Билік басына 74 жастағы Абдел Мажид Табун келді.

Алжир халқы жаңа Президентіне де сенбейді

Қартайса да билікті бермеген Абделәзизді отставкаға жіберіп, 8 ай бойы Президентсіз қалған алжирліктер жаңа көшбасшысын сайлады. Оның да жасы келген, 74-те, деп хабарлайды Atameken Business.

Абдел Мажид Табун ұзақ жылдар бойы Үкіметте қызмет еткен. Премьер-министр болып небәрі 3-ақ ай жұмыс істеген, себебі Президентке етене жақын бизнестегі жемқорларды тергей бастаған соң, жұмыстан қуылған. Осы жолы оны халықтың 58 пайызы қолдады. Себебі ол парақорлықтың тамырына балта шабамын, бұрынғы саяси элитаны билікке жолатпаймын деп уәде берген.

Бірақ сарапшылардың айтуынша, жаңа Президенттің де сүттен ақ, судан таза болып тұрғаны шамалы. Оның ұлдарының бірі былтыр ақша жылыстатумен айналысып, қамауға алынған. Осыны жақсы білетін жергілікті жұрт сайлау нәтижесін мойындамаймыз деп тағы да шеруге шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу