АЛЖИР мұражайы жаңа материалдармен толықты

1853

АЛЖИР мұражайы жаңа материалдармен толықты

"АЛЖИР" мұражайының қоры 1937-1938 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған ҚазКСР Денсаулық сақтау халық комиссары Хасен Нұрмұхамедовтың және оның жұбайы "Отанын сатқандар" әйелдерінің Ақмола лагерінде жазасын өтеген Кира Берсеневаның түпнұсқа материалдарымен толықтырылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазып отыр.

Зерттеу жұмыстары барысында Хасен Нұрмұхамедовтың мүшелік және әскери билеттері, түрмедегі қырынан және қарсы алдынан түсірілген фотосуреті және жұбайы Кира Берсеневаның төлқұжаты мен мүшелік билеті мұражай қорына тапсырылды.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені ҚР Президентінің бастамасымен 2007 жылғы 31 мамырда Ақмол ауылында бұрынғы "Отанын сатқандар" әйелдерінің Ақмола лагерінің орнында ашылды.

Бүгінде "АЛЖИР" мұражайының қоры он бес мыңға жуық жәдігерді құрайды. Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Беларусь елдерінің қалалары бойынша зерттеу іс-сапарларында жинақталған материалдардың ішінде мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер, балалардың жазған естелектері, "АЛЖИР" тұтқындары Әзиза Рысқұлованың, Роза Цыпкинаның, Клара Бронның, Софья Зильбербергтардың, Мария Минкинаның және т.б. жазған хаттары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу