Алжирде орман өртін сөндіру кезінде 25 әскери адам қаза тапты

721

10 сарбазды күйік шалды. 

Алжирде орман өртін сөндіру кезінде 25 әскери адам қаза тапты

Алжир астанасынан жүз шақырым жерде орналасқан Кабилия таулы аймағында және тағы бірнеше жерді өрт шалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті басылымдарға сілтеме жасап. Табиғи апат салдарынан жергілікті тұрғындар мен өрт сөндірумен айналысқан сарбаздар қаза тапты.

Алжирдің бірқатар ауданында орман өрті 9 тамызда басталды. Кейбір жергілікті тұрғындар үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін жергілікті билік әскерилерді жұмылдырған. 

Associated Press дерегі бойынша, сарбаздар Кабилияның екі ауданында 100-ге жуық адамды құтқарды. Құтқару және өрт сөндіру жұмыстары кезінде 25 әскери қаза тапты. Тағы 10-ға жуық сарбазды күйік шалды. Әр түрлі деректер бойынша, 7-11 жергілікті тұрғын ажал құшқан. 

10 тамызда Алжирдің ішкі істер министрі Камель Бельджуд Кабилияға келген еді. Оның пікірінше, өрт қасақана қойылған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу