Алжирде орман өртінен 34 адам қаза тапты

348

Төтенше жағдай құрбандарының арасында 10 әскери адам бар. 

Алжирде орман өртінен 34 адам қаза тапты Фото: www.aa.com.tr

Тілсіз жау Алжирдің 11 ауданына таралған, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu сайтына сілтеме жасай отырып. Бұған дейін 25 жәбірленуші туралы хабарланған.

Алжир ІІМ өрт ошақтарын жою, оның ішінде авиация күшін пайдалану бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Елдің солтүстігінде өршіп тұрған орман өрттерімен күресу +48 градустан асатын аптап ыстықтан одан әрі қиынға түсіп жатыр. Алжир билігі ыстық ауа-райына байланысты ел аумағында өрт қаупінің ең жоғары деңгейін енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу