Алжирден Парижге бағыт алған ұшақтың шассиінен адам табылды

326

Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Алжирден Парижге бағыт алған ұшақтың шассиінен адам табылды Фото: freepik

Ұшақ Алжирден Парижге ұшып келгені хабарланды. Қонғаннан кейін техникалық тексеру кезінде шасси қуысынан әлсіз күйдегі адам табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Le Matin басылымына сілтеме жасап.

20 жастағы алжирлік қатты суықтап қалған. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Коммерциялық ұшақтар ұшатын биіктікте ауа температурасы -50 градусқа дейін төмендейтіні атап өтілді.

Айта кетейік, мұндай жағдайлар авиация тарихында талай рет болған. 2017 жылы 15 жастағы жасөспірім Нигерияның Лагос қаласындағы әуежайға Boeing 747 жолаушылар ұшағының шасси бөлігінде жасырынып ұшып барғаны хабарланған болатын.

2014 жылы америкалық жасөспірім Калифорниядан Гавай аралдарына бес сағаттық рейс кезінде Boeing 767 жолаушылар ұшағының шассиінде болып, аман қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу