Амал мерекесіне арналған мерекелік шара өтті

114

Бүгін Жалағаш ауданының орталық алаңында Амал мерекесі – Көрісу күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Амал мерекесіне арналған мерекелік шара өтті Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген тағылымды шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халықтың бірлігі мен татулығын нығайтуды мақсат етті.

Мерекелік шара барысында ұлттық тағамдар ұсынылып, халқымыздың бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен насихатталды.

Шара барысында аудан тұрғындары бір-бірімен көрісіп, қол алысып, төс қағыстырып, ақжарма тілектерін білдірді. Үлкендер жастарға бата беріп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Алаңда ұлттық дәстүрдің рухы сезіліп, халық арасында береке-бірлік пен ізгілік құндылықтары кеңінен дәріптелді.

Амал мерекесі – адамдарды жақындастырып, ағайын-туыс пен көрші-қолаңның арасындағы сыйластықты арттыратын, татулық пен мейірімділікті насихаттайтын игі дәстүр. Көрісу күні – халқымыздың бір-біріне деген құрметі мен ықыласын білдіретін ерекше мереке.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аталып өтетін бұл мереке әр шаңыраққа амандық, бақ-береке мен молшылық әкелсін!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу