"Аман алып қалуға болар еді"

1351

Атырауда тоқ соғып, қайтыс болған баланың жақындары қуынып жатыр.

"Аман алып қалуға болар еді"

Атырау қаласында он жастағы бала 30 қазан күні тоңазытқыштың артында тоқ соғып, қайтыс болды. Қазіргі күні шақырту бойынша барған жедел жәрдем бригадасының фельдшерлеріне қатысты іс тергеліп жатыр, себебі марқұм баланың туыстары оны аман алып қалуға болатын еді деген пікірде, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Сол күні үйде он жастағы Наиль тығылыспақ ойнамақ болып, тоңазытқыштың артына тығылады. Сол жерден оны электр тоғы соққан. Жедел жәрдемге 14:45 сағатта қоңырау шалынып, бригада оқиға орнына 14:51 сағатта келіп жетеді. Бұған дейінгі қайғылы жағдайға байланысты медициналық қорытындыда баланың жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмғаны айтылады. Алайда Наилдің туыстары медициналық қызметкерлер келгенде оның тірі болғанын айтады. Әжесі дереу массаж жасап, бала дем ала бастаған. Дәрігерлер оны уқалап, оттегі берместен көлікке алып кеткен. Бұдан бөлек, баланың әжесі фельдшердің "дәріге аллергиясы жоқ па еді?" деп сұрап, немересіне бір дәрі еккенін айтады. 

Баланың әкесі Сергей Писарев, баланы мәйітханаға алып кеткеннен кейін мүрдесін тілгеніне ренішті. Өйткені туыстары бұл процедураға қарсы болған. Қазіргі күні бұл фактіге байланысты Писаревтың арызы бойынша іс қозғалған. Басқа мәліметтер тергеу барысында жариялауға жатпайды. "Мүрде сараптамаға берілді. Тергеу жүргізілуде" деп хабарлайды полиция департаментінен. 

Наиль – үйдегі үш баланың тұңғышы болған. Оқиға болатын күні оның анасы үшінші сәбиін босанып, перзентханада жатқан, ал әкесі жұмыста болыпты.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу