Алғашқы кездесу Северное ауылының мәдениет үйінде болды. Оған өзін өзі жұмыспен қамтыған жеке кәсіпкерлер, білім беру саласының өкілдері және ауылдың ардагерлері қатысып, елді мекенді көркейтуге, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған ұсыныстарын білдірді. Мәселен, шекараға жақын ауылдадың аумағына мал бағу алқабын кеңейту, жайылым жерінің жетіспеушілігі шешу, жедел жәрдем жұмысын жетілдіру, маман тапшылығын жою секілді мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, Аудан орталығындағы "Атамұра" орталығында тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын, алдағы бес жылда атқарылатын жұмыс жоспарын түсіндірді. Кездесулерге аудандық мәслихат депутаттары да қатысып, өз округтері бойынша әзірлеген бағдарламаларын таныстырды.
"AMANAT" париясынан облыстық мәслихат депуттығына үміткер Сайлау Оразбаев мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталған бастамаларды, фермерлерге жеңілдетілген пайызбен несие беру ережелерін түсіндірді.
-Ертіс ауданының Северное ауылында халықпен кездестік. Ауылдықтар көптеп жиналып, өздерін мазалаған сұрақтарын ортаға салды. Біз бұл мәселелерді облыстық, республикалық деңгейде көтеріп, шешілуіне ұйытқы боламыз. Жалпы, ауыл халқының көтеретін проблемаларының барлығы ұқсас. Негізінен, қымбатшылықтың алдын алу, зейнетақы төлемін көтеру, ауыл шаруашылығы саласына қолдау көрсету, медицина мамандар тапшылығын жою, ауылға жас мамандар үшін үй салу секілді мәселелермен кездесіп жатырмыз. Одан бөлек, шағын кәсіпкерлікке берілетін несиенің пайызы жоғары екені айтылуда. Негізі несиелеу бойынша жаңа ережелер бекітіліп, қаражат бөлінді, - деді Сайлау Оразбаев.
Ертіс ауданы орталығының тұрғындары тарапынан арыз-шағымдар айтылмады. Егер, алдағы уақытта қандай да бір сұрақтар мен мәселелер туындап жатса "AMANAT" партиясының Ертіс аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне барып, өз ұсыныстарын қалдыруға болады.
Кездесуден соң партияның "Есіктен есікке дейін" акциясын жалғастырып, ауыл тұрғындарына үгіт парақшаларын таратты.
Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық жүйені ұсына отырып, "АМАНАТ" партиясы Сайлау көрінің қаражатынан төленді.
Осы кез келген ақпарат құралдарында (БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік сайттарда және блог-платформаларда, мессжерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, аралар ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың есебінде, хабаршыларда таратуға тыйым салынады.