Бүгін Орталық сайлау комиссиясына 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутатына үміткерлердің құжаттарын тапсырды.
AMANAT партиясы алдағы сайлауда мәслихаттарға – 3821, Мәжіліске 119 кандидат ұсынып отыр, деп жазады inbusiness.kz.
"Біз бүгін Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың құжаттарын тапсырдық. "AMANAT" партиясының кеше өткен съезіне 2 мыңнан астам адам қатысты. Съезде мәслихаттар депутаттығына – 3821, ал Мәжіліске 119 үміткер ұсынылды. Сондай-ақ, съезд барысында "AMANAT" партиясының алдағы мақсаты нақтыланды", – деді "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев.
Айта кетейік, кеше "AMANAT" партиясының кезектен тыс съезі өтті.
Үміткерлер тізімін мына сілтемеден көруге болады.