Amanat партиясының бұрынғы мүшесі бала зорлау ісі бойынша 2 айға қамауға алынды

238

Баланың анасы Ақсу аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған.

Amanat партиясының бұрынғы мүшесі бала зорлау ісі бойынша 2 айға қамауға алынды Фото: Gov.kz

Amanat партиясының Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы бала зорлау ісі бойынша екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Жетісу облыстық соты мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жетісу облыстық сотының мәліметінше, Ақсу аудандық сотының 2024 жылы 20 тамыздағы ұйғарымымен Серікқан Жақыпов қамауға алынды.

"Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", – делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген еді. Мәлімет бойынша, сараптама 7 жасар балаға күш қолдану фактісін растаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу