Amanat партиясының мүшесі 7 жасар балаға зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді

432

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Amanat партиясының мүшесі 7 жасар балаға зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді Фото: gov.kz

Жетісу облысында Amanat партиясының мүшесі жеті жасар балаға зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Партияның Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан 7 жасар балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. 

Ақсу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалыпты. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр дейді. 

Ал Amanat партиясының Жетісу облыстық филиалы Жақыповтың өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу