Оның айтуынша, "Amanat" партиясы өз кандидатурасын ұсынады. Алайда ол Қасым-Жомарт Тоқаев бола ма, әлде Қасым-Жомарт Тоқаев басқа ұйымдар атынан бара ма – ол жағы әзірге беймәлім.
"Біз Президенттің қоғамдық тірегіміз" деп жарияладық қой. Мен сол сайлауға қатысатын лайықты тұлғаны, лайықты кандидатты қолдаймын. Оны өздеріңіз де сезіп тұрған шығарсыздар. Ол – Қасым-Жомарт Тоқаев. Сол кісінің кандидатурасын келесі сайлауға баратын болса, мен қолдаймын", - деді ол парламент кулуарында журналистерге.
"Сіздерге биылғы сайлауға да, бұдан кейінгі сайлауға да қатыспайтынымды ресми түрде мәлімдеймін", - деді ол.