Amanat-тың партиялық тізімі тіркелді - ОСК

694

Тізімге 90 кандидат енді.

Amanat-тың партиялық тізімі тіркелді - ОСК

ОСК Amanat партиясынан мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттардың тізімін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.

"Amanat партиясы 90 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Оның ішінде 29 кандидат (32,2%) – әйелдер, жастар және мүгедектер. ОСК уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаттары болып сайлану үшін тізімге енгізілген тұлғалардың сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімдегі барлық адам Конституция мен "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді", - деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Ол сайлауға түсетін партияның тізімге енген әр кандидат үшін сайлау жарнасын төлейтінін еске салды. Бұл ретте Мәжіліс депутаттарының алдыңғы сайлауында сайлаушылардың 5%-ын және одан да көп дауысын жинаған саяси партиялар сайлау жарнасын төлеуден босатылады.

"2021 жылғы 10 қаңтарда Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында "Amanat" партиясы (бұрынғы "Нұр Отан") қатысып, сайлаушылардың 71,9% дауысын иеленді. Сол себептен партия сайлау жарнасын төлеуден босатылады", - деді Мұхтар Ерман.

Айта кетейік, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу