Амандық Баталов: Биыл газдандырылған елдімекендердің саны 142-ге жетеді

762

Газдандыру деңгейі жыл соңына дейін 30%-дан аспақ.

Амандық Баталов: Биыл газдандырылған елдімекендердің саны 142-ге жетеді

Газдандыру бойынша Талдықорған қаласында қалаішілік жүйелерді жүргізудің құрылысы жалғасуда. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, деп хабарлайды

"Текелі қаласына дейінгі газ құбыры іске қосылды, Бақанас, Үштөбе, Сарыөзекте жеткізгіш газ құбырлары бар 3 АГБС-тың құрылысы басталды. Жалпы облыста газдандыру жұмысы 14 ауданда жүріп жатыр. Таратушы газ жүйесінің құрылысы жеке инвестиция есебінен жүргізілуде", – деді облыс әкімі.

Биылғы жылы бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлініп, 36 млрд теңге жеке инвестиция тартылды, яғни бюджет қаржысының 1 теңгесіне жеке қаражаттың 3 теңгесі сәйкес келеді. Жыл соңына дейін газдандырылған елдімекендердің саны 142-ге жетеді, газдандыру деңгейі 30%-тен асады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу