Амандық Баталов Қырғызстан елшісімен кездесті

1087

Онда екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік салаларды дамыту жөнінде әңгіме өрбіді.

 Амандық Баталов Қырғызстан елшісімен кездесті

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қырғызстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Жетісу жеріне қош келдіңіздер! Біз Қытай және Қырғыз елімен көршілес, шекаралас жатқан мемлекетпіз. Қазір екі елмен де қарым-қатынасымыз жақсы өрбуде. Алдағы уақытта сіздердің елге барып, қайту жоспарда бар. Бізде туризм дамып келеді. Жыл сайын Алакөлге келушілердің қатары өсуде. Қазір туристердің алаңсыз демалуына барлық жағдай жасалып жатыр. Осыдан төрт жыл бұрын Алакөлге 146 мың турист келсе, былтыр бұл көрсеткіш миллионнан асты. Ресейден де келушілер көп. Енді сіздермен ауылшаруашылығы,  құрылыс, сауда, өндіріс саласын дамыту үшін бірлесе жұмыс істесек дейміз", – деді кездесуде Амандық Баталов.

Кездесуде аймақ басшысы екі елдің салт-дәстүрі де ұқсас екендігін, рухани жағынан да қарым-қатынас дами түсетіндігін айтып, "Ұлы Даланың мәңгілік мирасы – "Манас" қазақ-қырғыз зиялылары бас қосқан форумның маңыздылығына тоқталды.

"Облыста 2 миллионнан аса халық тұрады. Республика бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің 17 пайызы Алматы облысынан шығады. Көптеген ірі өндіріс ошақтары жұмыс істейді", – деген облыс басшысы одан әрі сөзін аймақты дамыту бағытында жүріп жатқан жұмыстармен байланыстырды.

Айта кетсек, жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан "Ұлы Даланың мәңгілік мирасы – "Манас" қазақ-қырғыз зиялыларының халықаралық форумы Талдықорған қаласындағы мәдениет сарайында жалғасын тапты.

Айтулы кездесуде "Манас эпосу" кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу