Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиоорталықта ем алып жатыр

730

Әкімнің коронавирус жұқтырғаны 3 апта бұрын белгілі болған еді. 

Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиоорталықта ем алып жатыр

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифинг барысында айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды. Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады", – деді Батыржан Байжұманов.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарған.

"Оның жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада жазылып, жұмысқа кіріседі", – деді Батыржан Байжұманов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тараған еді.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу