Амандық Баталов: Өңірдің қантқа деген сұранысын толық жаба аламыз

842

Амандық Баталов: Өңірдің қантқа деген сұранысын толық жаба аламыз

Алматы облысында биылғы жылы қант қызылшасының алқабы 9 мың гектарға жетті. Одан 350 мың тонна өнім алынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.  
Атап өтсек, Көксу қант зауыты үш жыл қатарынан жаңғыртудан өтті, 10 жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты биылғы жылы қалпына келтіріліп, 40 мың тонна қант қызылшасын қабылдады. "Жетісу" ӘӘК-ні тарта отырып, 18 сервистік дайындау орталығы құрылды. Осының барлығы қант өндірісіне оң ықпал ететін болады. Заманауи ауыл шаруашылығы техникалары мен элиталық тұқым пайдаланудың нәтижесінде жекелеген шаруа қожалықтарында өнім әр гектарынан 500-700 центнерге дейін жетуде. Сөйтіп, биылғы жылдың өнімі 350 мың тоннаны құрайды деп болжанып отыр.
"35 мың тонна қант алсақ, өңірдің қантқа деген сұранысын толық жаба аламыз. Біздің мақсатымыз – облыстың ғана емес, еліміздің қантқа деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету", - деді Амандық Баталов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу