Амандық Баталов зейнетке қашан кететінін айтты

1244

Бұл сұрақ өңір басшысына жиі қойылады екен. 

Амандық Баталов зейнетке қашан кететінін айтты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов зейнетке қашан шығатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Менен үнемі осыны сұрайды. Бірақ маған бұл қызметті Мемлекет басшысы сеніп тапсырды. Менің күшім мен денсаулығым оған жеткілікті. Қарамағымдағыларға әрдайым айтамын, "ертең сағат 12:00-де жұмыстан кетесіз" десе, мен 12:00-ге дейін жауапкершілікті сезініп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындап, халық үшін жұмыс істеймін. Бар болғаны осы. Ал мен қашан кетемін? Ертең, ертеңнің арғы күні, алты айдан кейін, олар ойлансын. Қазіргі уақытта халық үшін, аймақ үшін еңбек етуге мүмкіндігім бар", - деді Алматы облысының әкімі есеп беру кездесуінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Бұл ретте өңір басшысы өз тәжірибесімен жастармен бөлісуге тырысатынын да атап өтті.  

"Жұмыс өте көп. Сіз бұл жұмыстың рахатын жақсылық жасаған кезде ғана сезе аласыз", - деді Амандық Баталов.

Айта кетейік, Амандық Баталов биыл 69-ға толады. Бердібек Сапарбаев, Даниял Ахметов сынды еліміздегі жасы үлкен әкімдердің бірі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу