Амандық Баталовтың бұрынғы жүргізушісі пәтерді қайтарды

685

Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың көлік жүргізушісіне берілген пәтері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Амандық Баталовтың бұрынғы жүргізушісі пәтерді қайтарды

Талдықорған қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, экс-әкімнің жүргізушісі болған азамат баспананы өз еркімен өткізген. Жалпы қазір өңірде баспанаға қатысты дау ушығып тұр. Қалаға биыл жаңадан әкім болып келген Әсет Масабаев өз жұмысын шаһардағы үйлердің заңды, не заңсыз берілгендігін тексеруден бастаған.

Кейіннен облыс орталығындағы 1062 пәтердің негізсіз  берілгені анықталды. Енді тұрғындар үйді заңды алғанын сот арқылы дәлелдеп шықпаса, баспананы мәжбүрлі түрде босатпақ. Қазірдің өзінде 37 баспана әкімдік балансына кері қайтарылды. Жалпы Талдықорғанда 16 мыңнан аса адам үй кезегінде тұр. Баспанаға қолы жетпей жүргендердің сөзінше, кезек алдыға емес, керісінше артқа жылжып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу