Алматы облысы әкімінінің орынбасары қызметіне Арслан Дәндібаев келді

1004

Ал Амандық Баталовтың бұрынғы орынбасары Ескелді ауданының әкімі болып тағайындалды.

Алматы облысы әкімінінің орынбасары қызметіне Арслан Дәндібаев келді

Алматы облысы әкімінінің орынбасыры Рустам Әли Ескелді ауданының әкімі болып ауысуына байланысты қазіргі қызметінен босатылды. Ал Амандық Баталовтың өкімімен облыс басшысының орынбасыры қызметіне Арслан Дәндібаев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Арслан Дәндібаев 1975 жылы туған.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар, референт мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментіің маманы, атташесі болып бастады. 

Әр жылдарда Қазақстан Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Консулдығының, ҚР-ның Түркия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, ҚР-ның Амстердам қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы, ҚР-ның Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясының екінші хатшысы, бірінші хатшысы, ҚР-ның Түркия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Мемлекеттік және үкіметтік сапарлар бөлімінің бастығы, ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты, ҚР Бас консулдығының кеңесшісі, ҚР Стамбул қаласындағы Бас консулы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің Басшысы, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Протокол қызметінің Басшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің Басшысы, ҚР Президенті Протоколы Басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. 

2019 жылдың наурызынан – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының Басшысы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу