Амангелді Құрмет AIQYN газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды

599

Амангелді Құрмет AIQYN республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы болып тағайындалды.

Амангелді Құрмет AIQYN газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды

Амангелді Құрмет 1979 жылы туған.

1998-2003 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Халықаралық журналистика мамандығын, 2015-2017 Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде магистратураны тәмамдаған.

2003-2006 жылдары "Астана ақшамы" газетінде жауапты хатшының орынбасары;

2006-2012 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ Қазақ радиосында шеф-редактор;

2012-2013 жылдары ОҚО әкімі баспасөз қызметінің бас маманы;

2013-2014 жылдары Республикалық "Жебе" газетінің бас редакторы;

2015-2016 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ интернет редакциясының шеф-редакторы;

2016-2018 жылдары "Айқын" газеті бас редакторының орынбасары;

2018-2019 жылдары Халықаралық Түркі академиясының баспасөз хатшысы;

2019-2020 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінде әлеумет бөлімінің жетекшісі;

2020 жылдан қазірге дейін AIQYN газеті бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақ, түрік, орыс, ағылшын, моңғол тілдерін жетік біледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу