Амангелді Таспихов қазақ тілін еркін меңгергендігін көрсетті

1272

"Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы" қәсіподақтар бірлестігінен ұсынылған Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. 

Амангелді Таспихов қазақ тілін еркін меңгергендігін көрсетті

Лингвистикалық комиссия ҚР президенттігіне үміткер Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдады, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.

2019 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында "Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы" республикалық қәсіподақтар бірлестігінен ұсынылған Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті.

"Жазбаша жұмыс "Менің елім" тақырыбында болды. Жазбаша жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Үміткер кішігірім пунктуациялық қателер жіберді. Жазбаша жұмыстың тақырыбы толығымен ашылған",– дейді бірінші тапсырманың қорытындысы туралы лингвистикалық комиссия мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ахметов Әділ Құрманжанұлы.

Екінші тапсырма бойынша үміткер жазушы Қадыр Мырза Әлінің "Таңдаулы шығармалар " жинағынан үзінді оқып шықты. Мәтінді үміткер мәнерлеп, мағынасын түсініп оқып берді мемлекеттік тілді еркін меңгергенін көрсетті.

Үшінші тапсырма бойынша Президенттікеке үміткер "Тіл тағдыры – ел тағдыры" тақырыбы бойынша өз ойын 15 минутта ауызша айтып берді. Комиссия мүшелерінің пікірінше, үміткер тақырыпты терең ашты, олар үміткердің өз ойын мемлекеттік тілде сауатты айта алатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу