Кәсіподақтар федерациясы атынан президент сайлауына түсіп жатқан Амангелді Таспихов Нұр-Сұлтан қаласындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан учаскеге Таспихов зайыбымен келді.
Бұған дейін өз учаскесінде ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс берген болатын.
Мемлекет басшылығына үміткерлердің жалпы саны жеті адам.
Еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауы жексенбі күні сағат 7.00-де басталды, сағат 20.00-де аяқталады. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сағаттық белдеуде айырмашылық болғандықтан, дауыс беру сағат 8.00-де басталып, 21.00-ге дейін жалғасады
Елімізде және одан тысқары жерлерде 10 мыңға жуық сайлау учаскесі құрылған.