Амангелді Таспихов президент сайлауына кандидат болып тіркелді

1270

Кандидатқа тиісті куәлік берілді.

Амангелді Таспихов президент сайлауына кандидат болып тіркелді

ОСК қаулысымен Амангелді Таспихов 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркелді. Кандидатқа куәлік беру шешімі қабылданды. Бұл туралы ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Амангелді Таспихов тіркеуге қажетті барлық құжаттарды тапсырды, ол кандидатқа қойылатын барлық талаптарға сәйкес келеді. ОСК қаулысымен Амангелді Таспиховты 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркеу бекітілді, кандидатқа тиісті куәлік беру шешімі қабылданды", – деп хабарлады Сәбила Мұстафина.

Ол атап өткендей, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан басқа 15 өңірден кандидатты қолдайтын 122 770 қол жиналды, оның 119 577-і расталды.

Айта кетсек, қазірге дейін Орталық сайлау комиссиясында 3 кандидат тіркелді: Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәдібек Түгел, Амангелді Таспихов.

Ал Әміржан Қосанов әлі қол жинауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу