Аманқарағай ауылында ер адам үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған

576

52 жастағы тұрғыннан төрт келі гашиш тәркіленді.

Аманқарағай ауылында ер адам үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған

Тексеру барысында полицейлер пештен екі полиэтилен пакет тапты. Жасырын сөмкелерде жасыл, ұнтақ тәріздес, ерекше иісі бар зат сақталған. Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат жалпы салмағы төрт килограмға жуық гашиш заты болып шықты.

Бұл салмақ аса ірі мөлшерге жатады. Ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды.

Жыл басынан бері облыста заңсыз айналымнан 176 килограмнан астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді. Оның ішінде 555 грамы героин, 18 келі гашиш, сондай-ақ 800 грамм синтетикалық есірткі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу