Амантай қажыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

216

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

Амантай қажыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Фото: UGC

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында 83 жастағы Амантай қажы Асылбекке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол ғимараттың кіреберісінде әйелді баспалдақтан итеріп жіберген деп айыпталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бастапқыда оған ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша ("денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") айып тағылған. Кейін іс ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігіне ("абайсызда ауыр зиян келтіру") қайта сараланған.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі тараптардың татуласуына және жәбірленушіге материалдық әрі моральдық шығынның өтелуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу