Аманжан Жамалов: Кәсіпкерлер мен азаматтар девальвациядан қауіптеніп күн кешуде

848

Аманжан Жамалов: Кәсіпкерлер мен азаматтар девальвациядан қауіптеніп күн кешуде

Ұлттық банк теңгенің тұрақтылығын толық бақылай алмай отыр. Депутат Аманжан Жамалов төл ақшамыздың долларға шаққандағы бағамын арадағы алыпсатарлар белгілейді дейді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
"Теңге еркін айналымға түскелі, ұлттық валюта тұрақтаймай-ақ қойды. Теңге күнде құбылып тұрған соң, кәсіпкерлер мен азаматтар үнемі девальвациядан қауіптеніп күн кешуде. Мәселен, қазан айында теңге ешқандай да еркін айналымға түскен жоқ, 328-ден 345 теңгеге дейін көтерілді", - дейді Аманжан Жамалов.

Жамаловтың айтуынша, теңгенің бағамы нақты фактормен емес, валюта нарығындағы алып-сатарлардың пайдасына қарай белгіленеді. Яғни, құны қор биржасынан тыс анықталады. Соның салдарынан миллиардтарын банкте ұстап отырған азаматтар мен саудасы тікелей валютаға қатысты  кәсіпкерлердің табысы төмендеп кеткен. Сонымен қатар, теңгемен ішкі инвестиция тарту, шағын және орта бизнеске несие, қарыз беру мүмкін емес. Ал Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің шетел валютасын кімнен алып, қаншадан сатып жатқанын қадағаламайды дейді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу