Amazon 100 мың жұмысшысын оқытуға 700 миллион доллар бөледі

723

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл шара қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында жасалып отыр.

Amazon 100 мың жұмысшысын оқытуға 700 миллион доллар бөледі

Amazon компаниясы қызметкерлеріне 700 миллион доллар инвестиция құяды. Американдық компания 100 мың жұмысшысын оқыту үшін осындай сома бөлмек. Бұл ақпарат Amazon блогында жарияланды, деп хабарлайды techcrunch.com.

Ресми дерекке сүйенсек, аталған қаржы 2025 жылға дейін бөлінбек. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл шара қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында жасалып отыр.

Жоспар бойынша, әр адамға 7000 доллар жұмсалады. Бұл – компания өткізген бағдарламалардың ішіндегі ең қомақтысы. Сондай-ақ тегін сабақтар да қарастырылған.

Мұндай тренингтер әсіресе аналитикалық дерек сарапшысы, шешім архитекторы, бизнес сарапшы, логистика координаторы және тасымалдау маманы арасында өткізілмек. Бұлар соңғы 5 жылда қарқынды дамып келе жатқан, АҚШ нарығында кең сұранысқа ие мамандықтар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу