Аmazon 200 мың адамды жұмысқа алмақ

655

Джефф Безос 1 күнде 6,5 млрд доллар тапты.

Аmazon 200 мың адамды жұмысқа алмақ

АҚШ-тың қор индекстері 3 пайыздан астам өсім көрсеткен соң, әлемдегі ең бай азамат Джефф Безос 1 күнде 6,5 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Atameken Business. 

Осылайша, "Амазон" жетекшісінің дәулеті бірден 5 пайызға артты. Қазір оның жиған-тергені 138 млрд долларға жетті.

Барлығы онлайн сауданың арқасы. Жіпсіз байланып отырған ел керек-жарағын интернет арқылы  алады. Тапсырыстың көбейіп кеткені сонша, басқа кәсіпкерлер қызметкерлерін қысқартып жатса, Безос 200 мың адамды жұмысқа алмақ.
Оларды ынталандыру үшін айлықтарын да көбейтпек.

"Амазон" компаниясының 1 акциясы 1 тәулікте 11 пайызға өсім көрсетіп, 2 мың 283 долларға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу