Amazon Махатма Ганди бейнесі басылған кебістерді саудадан алып тастады

1224

Amazon Махатма Ганди бейнесі басылған кебістерді саудадан алып тастады

Әлемдегі ірі интернет-ритейлер Amazon.com Inc.компаниясы үнділердің наразылығынан кейін Махатма Гандидің бейнесі басылған аяққа киетін сүйретпелерді саудадан алып тастады.
Үндістанда  ұлттық-азат ету қозғалысы идеологтарының бірі әрі жетекшісі болған Махатма Гандиді "ұлттық көсемі" және рухани ұстаз санайды.
Үндістанның Вашингтондағы елшілігіне  компания басшыларын үнділердің сезімін құрметтеуге шақыру жөнінде тапсырма берілді, деп хабарлайды ВВС.
Өткен аптада Үндістанның сыртқы істер министрі Сушма Сварадж Канадада үнді елінің туы бейнеленген төсеніш сатқаны үшін Amazon-ды сынға алған болатын. Электрондық алаңда үшінші тарап саудалаған төсеніштер сәрсенбі күні интернет-дүкеннен жоғалды.
Аталмыш интернет-дүкен түрлі елдердің тулары бейнеленген төсеніштерді саудалайды, ал Үндістанда мемлекеттік туды қорлаушыға айыппұл салынып, түрмеге де тоғытылады.  Үндістердің құдайлары бейнеленген төсеніштердің саудасына байланысты Amazon өткен жылдың маусымында дәл осындай дауға қалған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу