Amazon компаниясының таза пайдасы төмендеді, көрсеткіштер болжамға сай болмай шықты

627

Әлемдегі ең ірі интернет-сатушы Amazon.com Inc. компаниясының таза пайдасы үшінші тоқсанда 9%-ға төмендеді. Ірі ритейлердің кейбір қаржылық көрсеткіштері болжамды ақтамады, деп жазады inbusiness.kz. 

Amazon компаниясының таза пайдасы төмендеді, көрсеткіштер болжамға сай болмай шықты Фото: www.tribunnewswiki.com

Компания таратқан баспасөз хабарламасында айтылғандай, шілде-қыркүйек айларындағы таза пайда 2,872 млрд доллар және бір акция құны 28 центті құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 3,156 млрд доллар және бір акция құны 31 цент болған.  Операциялық пайда екі есеге жуық 4,852 млрд доллардан 2,525 млрд долларға дейін төмендеді,.

Дейтұрғанмен кіріс 15%-ға өсіп, 127,1 млрд долларға жетті, бір жыл бұрын 110,8 млрд доллар болған еді. Өткен тоқсанда Amazon Web Services (AWS) бұлтты сервистерінің операциялық кірісі 4,883 млрд доллардан 5,403 млрд долларға дейін көтерілді, кіріс 27,5%-ға өсіп, 20,538 миллиард долларға жетті. 

Өткен тоқсанда Солтүстік Америкадағы сатылым  бір жыл бұрынғы 65,557 млрд доллардан 78,843 млрд долларға дейін өсті, ал шетелде 2021 жылдың шілде - қыркүйек айларында 29,145 миллиард долларға қарағанда 27,72 миллиард долларға дейін төмендеді.

Amazon 140-148 млрд доллар айналыммен  операциялық кіріс нөл мен 4 млрд доллар шамасында болады деген болжа жасап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу