Amazon-ның тоқсандық кірісі 113 миллиард доллардан асты

920

Бұл – өткен жылғыдан 27%-ға көп.

Amazon-ның тоқсандық кірісі 113 миллиард доллардан асты

Өткен тоқсанда америкалық Amazon компаниясының кірісі 113 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz компания сайтындағы дерекке сілтеме жасап. 

30 маусымда аяқталған үш айлық есептік кезеңде Amazon кірісі 27%-ға өсіп, 113,1 млрд долларға жетті. Өткен жылы 88,9 млрд доллар болған еді.Бірқатар сарапшының пікірі бойынша, Amazon-ның кірісі 115,4 миллиард доллардан асуы керек еді.

Amazon – интернет арқылы тауарлар мен қызметтер сатылатын әлемдегі ең ірі корпорация. Оны Джефф Безос 1994 жылы құрған. Қазіргі уақытта компанияның нарықтық капитализациясы – шамамен 1,81 трлн доллар. Bloomberg агенттігінің мәліметі бойынша, Безос – қазіргі уақытта әлемдегі ең бай адам. Оның байлығы 207 миллиард долларға шамасында.

Табиғат Нұрболат

Фото: fainaldea.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу