Amazon сәлемдеме жеткізу үшін тағы 15 ұшақты жалға алады

749

Бұл туралы компанияның хабарламасында айтылған. 

Amazon сәлемдеме жеткізу үшін тағы 15 ұшақты жалға алады

Әлемдегі ең ірі интернет-ритейлер Amazon.com Inc. General Electric Co компаниясына тиесілі GE Capital Aviation Services (GECAS) лизингтік компаниясы арқылы 15 Boeing 737-800 жүк ұшағын жалға алу туралы келісімшарт жасады.  

Бұл туралы компанияның хабарламасында айтылған. Amazon-ның жаһандық операциялар жөніндегі аға вице-президенті Дэйв Кларктың айтуынша,   2021 жылға қарай Amazon Air әуекомпаниясындағы ұшақтардың жалпы саны 70-ке жетеді. 

"Boeing 737-800 ұшақтарының қуаты Amazon-ның клиенттеріне тапсырыстарын жеткізу мүмкіндігін жақсартады", – деді GECAS жүк тасымалы бағдарламасы жөніндегі вице-президенті Ричард Гринер.      

Ресми биржа сессиясын ашу алдында Amazon-ның акциялары 0,95%-ға қымбаттап, Boeing акциялары 1,26%-ға нығаюда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу