Amazon теңіздегі жүк тасымалы нарығына шықпақшы

1062

Amazon теңіздегі жүк тасымалы нарығына шықпақшы

Amazon.com Inc онлайн-ритейлері экспедитор қызметін көрсетіп, жүктерді реттеумен айналыса отырып теңіздегі жүк тасымалы нарығына біртіндеп шыға бастады, деп хабарлайды The Wall Street Journal-ға сілтеме жасаған "Интерфакс".

Өткен жылдың қазанынан бері компания  Қытайдан АҚШ-қа 150-дей контейнерлік жүкті жеткізуге атсалысты, делінген теңіздегі жүк тасымалына кәсіптенген Ocean Audit консалтингілік компаниясының ақпаратында.

Amazon бұған дейін  АҚШ-тың Федералдық теңіз комиссиясында, теңіз көлігімен жүк тасымалының америкалық реттеушісінде тіркеуден өтті. Компания қаңтарда  сұрыптау, маркалау және жүктерді порттардан қоймаларға тасымалдау  қызметтерін көрсететіндігі туралы хабарлады. Бұл істермен әдетте FedEx және UPS секілді компаниялар айналысады.

Amazon-ның жеке меншік кемелері жоқ,  ол тек делдалдық қызмет қана көрсетеді делінген ақпарат та бар.

"Amazon қызметтердің үлкен шоғырын жиындықтап отыр. Мұндай қадам үлкен стратегиялық құндылыққа ие. Компания сондай-ақ АҚШ-қа тауар жеткізумен айналысатын қытайлық шағын жеткізушілердің жұмысын жеңілдетті", – дейді Ocean Audit басшысы Стив Феррейра.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу