Amazon төлемді алақан арқылы жүргізу технологиясын енгізбек

1145

Бірақ кейбір қолданушылар биометрикалық деректерді терминалға енгізуден бас тартуы мүмкін.

Amazon төлемді алақан арқылы жүргізу технологиясын енгізбек

Корпорация төлем ақпараты мен қолды байланыстыратын арнайы терминал құрастырмақ. Wall Street Journal  басылымының хабарлауынша, мұндай аппараттар дәмхана, дүкен және мейрамханаларда орналастырылатын болады. 

Терминалды пайдаланар алдында алақанды карта туралы ақпаратқа қосу керек. Ол үшін пластикалық картаны терминалға салып, қолды арнайы сканерден өткізу керек. Содан кейін ғана терминалды тек алақанның көмегімен пайдалануға болады. 

Қазіргі таңда Amazon Visa-мен бірлесе мұндай транзакцияларды сынақтан өткізуде. Алдағы уақытта Mastercard-пен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Қазір корпорация инженерлері технологияны оңтайландырудың жолын қарастырып жатыр, өйткені кей қолданушылар өздері туралы биометрикалық деректерді терминалға енгізуден бас тартуы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу