Американдық трансұлттық компаниясының Германиядағы қызметкерлері алдағы жексенбі және дүйсенбі күндері шеруге шығады. Олар компания басшылығынан жалақыны көтеруді талап етпек. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Ереуілшілер "жалақымыздың есебінен жеңілдік берілмесін" деген ұранмен, елдің бірқатар қаласында бас көтермек. Шара уақыты Amazon-ның "Prime" деп аталатын жаппай жеңілдік беру күнімен тұспа-тұс келіп отыр.
Айта кетсек, Германия компанияның АҚШ-тан кейінгі негізгі нарығы саналады.
Шеру Верне, Райнберг, Лейпциг, Грабен және Кобленцте өтпек.
Атап өту керек, Германияда Amazon-ның 12 қоймасы бар. Бұған дейін компания осы жылы елде жаңа қойма ашып, 2800 адамға жұмыс беруді көздейтінін мәлім еткен болатын.