Амазониядағы ну орманда 1 жасар бала 1,5 ай бойы қалай күн кешті?

449

Олардың анасы ұшақ апатынан қаза тапты.  

Амазониядағы ну орманда 1 жасар бала 1,5 ай бойы қалай күн кешті? Фото: reuters.com

Түйнек жемісті тропикалық өсімдік - кассаво балалардың аман қалуына сеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

1 мамыр күні Колумбияда болған ұшақ апатынан, арада 40 күн өткенде 13, 9, 4 жастағы және бар болғаны 11 айлық бала дін аман табылды. Балалардың әкесі Мануэль Ранок қуанышына сене алар емес.

"Біз джунглиге сенеміз, ол да біздің анамыз. Амазониядан радардан шығып кеткен ұшақты тауып, барша жұртты бір таң қалдырсақ, балаларды тауып, тағы қайран қалдырдық! Барша атсалысқан жандарға алғысым шексіз!" деді ол.

Айта кетерлігі, апаттан балалардың анасы және ұшқыш мерт болды.

Балалардың үлкені 13 жасар Лесли апаттан кейін, анасының шамамен төрт күн тірі болғанын айтты. Ол: "апат болған ұшаққа жоламаңдар, кетіңдер" деп, балаларына соңғы сөзін айтыпты.

Дәрігерлердің айтуынша, төрт кішкентай бала 1,5 айдың ішінде қатты азып кеткен. Белгілі болғаны, олар жемісті тропикалық өсімдіктер мен табиғи ұнды тамаққа талғажау еткен. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу