Америка Сауда министрлігінің сайты бұғатталды

395

Қазақстанда АҚШ Сауда ведомствосының сайты бұғатталды, деп хабарлайды Республика мәдениет және ақпарат министрлігі.

Америка Сауда министрлігінің сайты бұғатталды Фото: Anadolu Agency

Мұндай шешім фишингке қарсы күрес аясында жасалғаны хабарланды, деп жазады Inbusiness.kz.

Министрлікте атап өткендей, республиканың ақпараттық өрісіне мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі. Осының арқасында "Байланыс туралы" заңның 41-1-бабында көзделген тәртіппен қол жеткізуді шектеу бойынша шаралар қабылданатын фишингтік интернет-ресурстар анықталады.

Министрліктің мәліметінше, 26 сәуірде 21 фишингтік ресурс бойынша, оның ішінде bis.doc.gov сайтына қолжетімділікті шектеу туралы тиісті нұсқама дайындалып, орындауға жіберілді.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде сайт Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмек көрсететіні туралы жазылған мақала үшін жабылды деген тұжырымдама шындыққа жанаспайды", — делінген хабарламада.

Ведомство басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп bis.doc.gov интернет-ресурс қызметіне қосымша тексеру жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Егер оның жұмысында кемшіліктер мен қателіктер анықиалмаса, онда аталған интернет-ресурсқа қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануы мүмкін", — деп атап өтті министрлікте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу