Е. Қарашөкеев АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықаралық мәселелер жөніндегі ауылшаруашылығы қызметінің басшысы Дэниел Уитлимен кездесті.
Қазақстандық министрдің айтуынша, АӨК өнімдерінің тауар айналымы осы жылдың сегіз айында 77,5 млн долларды құрады. АҚШ-қа экспорт 86 есе артып, 1,9 млн долларды құрады.
"Қазақстан өңделген ауылшаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін одан әрі арттыруға дайын екенін атап өткіп келеді. Қазақстанға импорттың 12,4%-ға төмендегенін атап өткен жөн, ол 75,5 млн долларды құрады", – деді Ербол Қарашөкеев.
Ведомство басшысы Дэниел Уитлиді хабардар еткендей, Қазақстанда 2025 жылға қарай әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларына жергілікті қажеттілікті 100%-ға жеткізу күтіліп отыр.
"Америкалық озық технологиялар мен бай тәжірибелерді енгізу өзара тиімді процесс болар еді. Осылайша, біз бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, кадрлар даярлау және экстеншн бойынша американдық технологиялар мен білім беру бағдарламаларының трансфертін ұсынамыз", – деді Е. Қарашөкеев.
Климаттың өзгеруі мәселелерін талқылау кезінде министр алдағы 35 жылда әлемдік ауылшаруашылық саласы әлем халқының өсуін, жер, су және энергетикалық ресурстар үшін бәсекелестіктің күшеюін, климат өзгерісінің экзистенциалды қатерін қоса алғанда қысымның сан алуын түрімен бетпе-бет келетінін атап өтті.
"Сондықтан дамыған елдердің аграрлық саясаты азық-түлік секторын тұрақты дамыту тұжырымдамасына негізделеді. Тұрақтылық үш компоненттің теңгерімді дамуына негізделген – тұрақты өндіріс, тұрақты экология және тұрақты әлеуметтік компонент. Олардың бірін елемеу жүйенің тепе-теңдігін бұзады", – деді Ербол Қарашөкеев.
Сондай-ақ ведомство басшысы ауылшаруашылығындағы төмен көміртекті дамыту үшін АҚШ-тың табысты әдістемелері мен тәжірибелерін қарастыруға дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық аспектілер бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласып, кездесу сындарлы және әріптестік диалог жағдайында өткенін атап өткен.
Сондай-ақ спар барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Дүниежүзілік банктің басшылығымен, Тұрақты даму жөніндегі вице-президенті Юрген Фегелемен, Орнықты даму жөніндегі өңірлік директоры Стивен Шонбергермен, сондай-ақ ауылшаруашылығы және азық-түлік саласындағы жаһандық практика жөніндегі директоры Мартиен ван Ньюкуоппен кездесті.