Америкалық агробизнес лидері Қазақстанға инвестиция салады

990

"Tyson Foods" қазақстандық "Kusto Group" компаниясымен бірлескен жобаны жүзеге асырады. 

Америкалық агробизнес лидері Қазақстанға инвестиция салады

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында американдық агробизнес өкілдерімен Қазақстанда ет өңдеу кәсіпорындарын ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"Асқар Маминнің АҚШ-тағы аса ірі ет өнімдерін өндіруші – "Tyson Foods" компаниясының президенті Н. Уайтпен және директорлар кеңесінің төрағасы Д. Тайсонмен келіссөзінің қорытындысы бойынша Қазақстанда заманауи агро-мультипротеин индустриясын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды",– делінген баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Бұл құжат бірінші кезеңде елімізде қуаттылығы тәулігіне 2 мыңға жуық мал басын құрайтын заманауи ет өңдеу кешенін салуды қарастырады.

Баспасөз хабарламасында айтылғандай, кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, өнімді шетел нарықтарына экспорттауға мүмкіндік береді, осылайша, елдегі жылдық ауыл шаруашылығы кірісін $1 млрд-тан астамға қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. 

Айта кетсек, "Tyson Foods" 1935 жылы құрылған компания, айналымы $42,4 млрд құрайды, онда 141 мың адам еңбек етеді. 

"Tyson Foods" қазақстандық "Kusto Group" компаниясымен бірлескен жобаны жүзеге асырады. Өндірістік циклде қазақстандық фермерлерге "Экстеншн" американдық қызметінің үлгісі бойынша ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету қолдауы бар, онда кеңес беру, жергілікті жерлерде кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіптік-техникалық оқыту қарастырылған. 

Үкімет басшысы Арканзас штатындағы Спрингдейл қаласына және Небраска штатындағы Дакота-Сити қаласына барып, "Tyson Foods" компаниясының өндірістік қуаттылықтарымен, технологиялық процесімен және ғылыми-зерттеу жобаларымен танысты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу