Америкалық акция нарығы әркелкі көрсеткіштерге ие болды

892

Вакцина жасаған компаниялардың акциялары қымбаттап жатыр.

Америкалық акция нарығы әркелкі көрсеткіштерге ие болды

Сауда қорытындысы бойынша америкалық қор индекстері әркелкі көрсеткіштерге ие болды. Dow Jones Industrial Average индексі 0,49%-ға төмендеді, қазіргі деңгейі – 30069,79 пункт.Nasdaq Composite, керісінше, 0,45%-ға өсіп, 12519,95 пунктке жетті. 

Pfizer-дің құнды қағаздары 2,2%-ға қымбаттап, Moderna капитализациясы 4,6%-ға өсті. 

Инвесторларды АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар санының өсіп жатқаны алаңдатып отыр. Соңғы 7 күнде бұл елде бір тәулікте тіркелген науқастардың саны 190 мыңнан асқан. Өткен аптада конгресмендер экономиканы ынталандыру үшін 908 млрд доллар көлемінде қаражат бөлу туралы ұсыныс жасаған еді. Жергілікті экономистер билікті осы шараны тезірек қабылдауға үндеуде. 

Табиғат Нұрболат

Фото: wsj.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу