Американың алқабилер соты Мұхтар Әбілязовке қатысты үкім шығарды

1017

Оған сәйкес, Мұхтар Әбілязов БТА банкіне 218 миллион қайтаруы тиіс.  

Американың алқабилер соты Мұхтар Әбілязовке қатысты үкім шығарды Фото: mail.ru

Үш апталық сот талқылауынан кейін Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша Америка Құрама Штаттарының аудандық сотында отырған төрт еркек пен төрт әйелден тұратын алқабилер соты, бүгін Triadou SPV S. A.-ға қарсы барлық шағымдар бойынша "БТА Банкі" АҚ пайдасына шешім шығарды", деп жазады inbusiness.kz БТА банк таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Алқабилер БТА компаниясына 2013 жылдың ортасынан бастап есептелген, пайызбен 100 миллион доллардан астам өтемақы өндіруге үкім етті. Оның жалпы сомасы 218 миллион доллардан асады.

"2022 жылдың 29 қарашасында басталған сот процесі БТА Банкі Мұхтар Әбілязовтың ұйымдастырған жаппай алаяқтық пен ақшаны жылыстату схемасының дәлелдерін ұсынған күннен бастап, сот процесінде бірінші жағдай болды. 2009 жылдың басында алаяқтық ашылған кезде БТА Қазақстанның үшінші ірі банкі болды. Әбілязов жасаған миллиардтаған ұрлық, банкті ұлттандыруға алып келді, бұл салық төлеушілерге миллиард доллардан астам шығын әкелді", - делінген ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес жауапкер Triadou SPV, Әбілязовтың күйеу баласы - Ильяс Храпунов құрған және бақылайтын жалған компания, БТА-дан ұрланған қаражат арқылы 70 миллионнан астам АҚШ долларын алып, ол Нью-Йорктегі және Америка Құрама Штаттарының басқа жерлеріндегі жылжымайтын мүлікке инвестицияға салған.

Triadou компаниясы іс қаралып жатқан кезде жеті жылдан астам уақыт бойы белсенді түрде соттасып, өзінің қорғауды сотта алқабилерге ұсынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу