Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Абай атындағы орта мектебінің 10-сыныбында оқитын Нұрәлі Бектеміровтің Каспий теңізінің мұз айдынында сырғанап жүргенін көрген америкалық әнші Зак Грей Instagram парақшасында оның өнеріне ризашылығын білдірген.
Айта кетейік, ауылында мұзда мәнерлеп сырғанауды үйрететін ешқандай мекеме жоғына қарамастан, кәсіби спортшылардай өнер көрсеткен Нұралы бейнеролигінде Зак Грейдің "Try" әніне билеген еді.
"Менің әнімді пайдаланғандарыңызға рахмет! Бір күні Қазақстанға барып, оны өзім айтып беремін деп үміттенемін", – деп жазады әнші.
Белгілі болғандай, ауыл балалары қыстыкүні Шарон өзеніне барып сырғанайды екен. Нұралы кішкентай күнінен конькимен сырғанауды өз бетінше үйренген. Ал көп қаралым жинап, таңданыс туғызған видеоны оның бауыры түсіріп тұрыпты.
Құралай Қуатова