Америкалық әскер Ауғанстанда қалса, соғыс басталар еді – Ақ үй өкілі

808

АҚШ Президенті Джо Байденге әскери күштерді толығымен шығармауға кеңес берілгендер бар.

Америкалық әскер Ауғанстанда қалса, соғыс басталар еді – Ақ үй өкілі

Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки Ауғанстанда америкалық әскери контингенттің сақталған жағдайда, "Талибан" қозғалысымен соғыс басталатын еді дегенді айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Бұған дейін АҚШ Президенті Джо Байденге әскери күштерді толығымен шығармауға кеңес берілген еді. Пентагон шенеуніктері бұны растады. Псакидің айтуынша, бұл мәселе бойынша бірқатар пікір айтылған.

"Сондай-ақ әскери көбейту қажеттілігі ұзақ мерзімді ұсыныс болмайтыны түсінікті болды. Арты "Талибанмен" соғысқа ұласып, шығын келетін еді. Президент мұндай шешім қабылдауға дайын емес еді. Ол бұл шешімнің америкалықтардың мүддесіне, әскеріміздің мүддесіне сәйкес келмейді деген пікірде болды", – деді Ақ үй өкілі.

Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Пентагонның америкалық әскерді Ауғанстанға қайта енгізу туралы жоспары жоқ деп мәлімдеді. Саясаткер Президент Джо Байденнің шешімімен АҚШ әскери күштері мемлекеттен толығымен кеткенін атап өтті.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу