Америкалық байлар жаппай жерасты бункерін сатып алып жатыр

1051

Жерасты бункері бір адам үшін айыны 60 долларға жалға да беріледі.    

Америкалық байлар жаппай жерасты бункерін сатып алып жатыр

Ал АҚШ-та жерастында салынған баспаналарға деген сұраныс күрт атты, деп хабарлайды Atameken Business.  

CGTN America агенттігінің хабарлауынша, әсіресе пандемиядан қашқандар жаппай бункерлерді сатып алуда. Әрине, ақшасы барлары ғана, себебі бағасы қымбат. Жұрт бас сауғалап, баруды қалайтын сондай жердің бірі – Канзас штатындағы Survival Condo бункері.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери қойма болыпты. Ал қазір база адам тұрмысы үшін өте қолайлы тұрғын үй кешеніне айналған. Жерден 3 метр тереңдікте орналасқан. Онда жатын бөлмеден бастап, бау-бақшаға дейін бар.

Коронавирус дендеген тұста, оның бағасы да 2 есеге артқан. Мәселен, бункердегі 170 шаршы метрді құрайтын мына пәтердің бағасы былтыр 1,5 млн доллар тұрса, енді 3 млн долларға сатылып жатыр. Үйге 70 адамға дейін еркін сыйып кетеді дейді құрастырушы, әрі букер иесі Ларр Холл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу