Америкалық бейбітшілік құрдымға кетуі мүмкін

173

Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы қақтығыс өтпелі болмайды және оның салдары біз ойлағаннан жойқын болуы мүмкін.  

Америкалық бейбітшілік құрдымға кетуі мүмкін Фото: IPJ Journaal

Сайып келгенде, АҚШ осы аймақта өзінің әскери үстемдігінен айырылса, онда Pax Americana (Вашингтон бастаған бір полярлы әлем) құрдымға кетеді. Бұл туралы Аспен институтының жыл сайынғы қауіпсіздік форумында сөйлеген сөзінде Сингапурдың Қорғаныс министрі Нэн Хэнь мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

"Нәтиже қандай болмасын, оның арты апатпен аяқталады. Бұл Pax Americana үшін үлкен сынақ болайын деп тұр", – деді ол ықтимал қарама-қайшылықты ескере отырып.

Тайвань айналасындағы жағдайдың нашарлауына қатысты министр Тайвань – Украина емес, Қытай – Ресей емес екенін атап өтті.

"Тайвань – арал, оның әскери қоржынын толтыру үшін сізге Жапония мен Оңтүстік қажет. Қытайдың әскери әлеуеті зор – әлемдік сауда көлемінің 17%-ын құрайды, сондықтан біз үшін қақтығыс әсері жойқын болмақ", — деп қосты Нэн Хэнь.

Оның айтуынша, АҚШ Азиядағы әскери үстемдігін сақтай алған жағдайда да, бұл ҚХР-ны тоқтата алмайды.

"Қытай жабық есік саясатына көшеді. Онымен әлемдік сауда тоқтайды. Қытай әскери шығындарға ақшаны аямай құя бастайды және бәсекелестік тағы екі онжылдыққа, мүмкін одан да ұзаққа созылады. Егер біз АҚШ-тың әскери үстемдігін сақтай алмайтынын байқасақ, онда бұл Pax Americana-ның соңы болады деп ойлаймын", – деп жалғастырды министр.

Ол қауіпсіздік тұрғысынан кез-келген жанжалды болдырмау үшін бәріне өте мұқият болу керек деп қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу