Америкалық биржаның индекстері төмендеп жатыр

992

Алпауыт компаниялардың акциялары да арзандауда. 

Америкалық биржаның индекстері төмендеп жатыр

Нью-Йорк қор биржасының негізгі индекстері төмендеді,деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Barrons.com сайтына сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, Dow Jones өнеркәсіптік индексі 153,07 пунктке (0,46%) төмендеп, 32 862,30 болды. S&P 500 индексі 58,66 пунктке (1,48%) кеміп, қазіргі көрсеткіш 3 915,46 пункт деңгейінде қалды. Nasdaq индексі 413,23 пунктке қысқарып (3,13%), 12 789,14 пунктке дейін төмендеді.

Сарапшылардың пікірінше, Nasdaq индексінің төмендеуіне инвесторлардың  активтерді пандемия аяқталғанда табысқа кенелуі мүмкін деген компанияларға аударуы түрткі болып отыр. Amazon және Apple сияқты технологиялық алпауыттардың акциялары шамамен 3%-ға, ал Tesla компаниясыныкі 6,7%-ға арзандады.

Нарыққа қазір мұнай нарығындағы ахуал әсер етіп отыр. Еуропада, әсіресе Францияда пандемияның өршуі шикізаттың арзандауына әкеліп соқты. Осы елде карантин шараларының енгізілуі нарықты қатты алаңдатуда. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу