Жексенбі күні Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған америкалық жекеменшік Cygnus жүк кемесі орбитаға сәтті шықты. Бұл туралы АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" басылымына сілтеме жасап.
Хабарламада "кеменің Халықаралық ғарыш станциясына бағыт алғаны" айтылады.
Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі америкалық ғарыш күштері базасының 40-шы ұшыру кешенінен АҚШ-тың шығыс жағалауында сағат 11:02-де SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды. Кеме шамамен 14 минуттан кейін орбитаға шығарылды.
Cygnus кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 6 тамызда қондырылады деп жоспарланған.
Cygnus NG21 миссиясы NASA-ның Northrop Grumman корпорациясымен арасындағы коммерциялық келісімшартының бөлігі ретінде жүзеге асырылады. Кеме Халықаралық ғарыш станциясына 3,7 тоннадан астам жүкті, оның ішінде азық-түлікті, сондай-ақ ондаған ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жабдықтар мен материалдарды жеткізуі керек.