Америкалық First Republic Bank акциялары 50%-ға төмендеді

526

25 сәуірде банк 2023 жылдың бірінші тоқсанында депозиттер шотынан $100 млрд шешіліп алынғанын хабарлаған еді.

Америкалық First Republic Bank акциялары 50%-ға төмендеді Фото: NPR

First Republic Банкінің акциялары 25 сәуірде АҚШ-тағы биржалық сауда-саттықтың жабылуына қарай күрт төмендеп, рекордтық деңгейге жетті: бір қағаз үшін $8,10 деңгейінде жабылды. Банктің биржалық сауда-саттық тарихында мұндай көрсеткіш бірінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz CNBC-ке сілтеме жасап.

Сейсенбі, 25 сәуірде акциялар 49,38%-ға құлдырады, жыл басынан бері Банк қағаздарының құндылығын 90%-ға жоғалтты. Мұндай құлдырауға First Republic Bank 2023 жылдың бірінші тоқсанында депозиттер шотынан $100 млрд шешіліп алынғанын хабарлағаны себеп болған. Есепке сәйкес, First Republic депозиттерінің көлемі 40%-дан астамға төмендеп, бірінші тоқсанның соңында $104,5 млрд-қа деңгейіне түскен. Ал 2022 жылдың 31 желтоқсанында бұл көрсеткіш $176,4 млрд құраған еді. 

Бірінші тоқсандағы депозиттер сомасына АҚШ-тың 11 ірі банкі First Republic-ке салған $30 млрд кіреді. Аталмыш банктің бірінші тоқсандағы таза кірісі бір жыл бұрынғы 401 миллион доллардан 269 миллион долларға дейін төмендеді. Жалпы табыс 13%-ға не ақшалай мәнде $1,2 млрд-қа дейін қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу