Америкалық Forever 21 компаниясы банкротқа ұшырады

1212

Алдағы уақытта компания басшылығы бизнес құрылымын өзгертеді.

Америкалық Forever 21 компаниясы банкротқа ұшырады

Киім-кешек және аксессуарлар сататын Forever 21 компаниясы өзін банкрот деп жариялап, тиісті құжатты сотқа жіберген. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Компанияның АҚШ-тағы дүкендерінің біразы жақын арада жабылады. Ал қалғандары жұмыстарын жалғастыра бермек. Компания кірісін қалпына келтіру мақсатында басшылық бизнес құрылымын өзгертуді жоспарлап отыр. CNN дерегі бойынша, 800 дүкеннің 180-і жұмысын тоқтатпақ. Айта кетейік, Forever 21 бренді сауда желісінің негізі 1984 жылы қаланды. Оның бас кеңсесі Калифорнияның Лос-Анджелес қаласында орналасқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу